
Абишев Айбек Каирбекұлы
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Айбек Қайырбекұлы 1976 жылдың 9 мамырында Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының №1 полиция бөлімінде бастаған.
Мемлекеттік қызмет саласында 2007 жылы Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі, 2007-2011 жылдары Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2011-2013 жылдары Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2013-2017 жылдары Қайыңды ауылдық округінің әкімі, 2017-2021жылдар аралығында Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарса, 2021 жылдың 27 шілдесінен бастап Өрнек ауылдық округінің әкімі ретінде қызмет атқарған.