
Өмірбаян
Досмақов Нұрлан Серікұлы 1988 жылы 01 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Алматы қаласының Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын "қаржыгер"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Ақсу ауданы әкімдігінің "Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бағдарламашысы, 2014 жылдан 2020 жылға дейін Ақсу ауданы әкімдігінің "Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болып бастады.
2020 - 2023 жылдары Ақсу ауданы әкімдігінің "Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың желтоқсан айынан осы күнге дейін Қызылағаш ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқармын.