
Умиргалиев Ерлан Болатович
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Умиргалиев Ерлан Болатович 1976 жылы 1 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылында дүниеге келген.
2010 жылы - Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық колледжін "Құқықтану" мамандығы бойынша, "Заңгер" біліктілігі бойынша бітірген.
Жоғары білімі бар:
2019 жылы - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, "Құқықтану" бакалавры біліктілігін бітірген.
1995 -1996 жылдары Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының әскер қатарында қызмет етті.
1997 - 2002 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы «Дәулет» өндірістік кооперативтінде механизатор болып жұмыс істеді.
2002 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Uniserv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 4 дәрежелі слесар болып жұмыс істеді.
2002 жылдың маусым айынан 2002 жылдың тамыз айына дейін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында, Орал жөндеу локомотив депосының 1 дәрежелі слесар болып жұмыс істеді.
2003 жылдың ақпан айынан 2003 жылдың қыркүйек айына дейін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы сотталғандарды түзеу РУ 170/2 мекемесінде бақылаушы болып қызмет атқарды.
2003 жылдың қазан айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін Батыс Қазақстан облысы «В.Лачунин» жеке кәсіпкердің көлік жүргізушісі, Орал қаласы
2005 - 2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің
құқық қорғау органдардың қызметкері болып қызмет атқарды.
2019 жылдың маусым айынан 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Қанай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып қызмет атқарған.
2019 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың қазан айына дейін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
2022 жылдың 10 қазанынан бастап - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі.