
Оразбаков Жанат Серікұлы
"Еңбекші ауылдық округі әкімі аппараты" ММ ауыл шаруашылық жөніндегі бас маманы
Өмірбаян
Оразбаков Жанат Серикович 07-сәуір 1969 жылы Талдықорған облысы Алакөл ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келдім. Ұлты – қазақ. Білімі – арнаулы орта. 1991жылы, Талдықорған зоотехникалық мал дәрігерлік техникумы.Мамандығы - зоотехник.
Еңбек жолымды 1991 жылы Ильич атындағы совхозда лаборант қызметін аткардым. 1993 жылы басқа жұмысқа ауысуыма байланысты өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
1993 жылы Еңбекші ұжымдық шаруашылығында жұмысшы болып істедім. 1996 жылы басқа жұмысқа ауысуыма байланысты өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
1996 жылдан «Сайхан» ШҚ жұмысшысы болдым. 2010 жылы өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2011 жылы Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының мал дәрігері міндетін уақытша атқардым. 2014 жылы басқа жұмысқа ауысуыма байланысты өз еркіммен жұмыстан босатылдым
2014 жылдан Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының ауылшаруашылығы жөніндегі маманы болып осы күнге дейін қызмет атқарып келемін.


