
Жолданғар Бауыржан Жанболатұлы
Зеренді ауданы Троицк ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жолданғар Бауыржан Жанболатұлы 1996 жылдың 30 желтоқсанында Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарсақ ауылында дүниеге келген.
2002 жылдан 2006 жылға дейін Қарсақ бастауыш мектебінде оқыды. 2006 жылдан 2014 жылға дейін М.Ғабдуллин атындағы №3 Зеренді қазақ орта мектебінде білім алды.
2014 жылдан 2018 жылға дейін Гуманитарлық-техникалық академияда «Қаржы» мамандығы бойынша білім алды.
2019 жылдың наурыз айынан бастап 2019 жылдың 4 қыркүйегіне дейін Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де жастар тәжірибесінен өтті.
2019 жылдың 1 қазанынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де статист болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың шілде айына дейін Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де бас маман қызметін атқарды.
2025 жылғы 13 шілдеде өткен сайлау нәтижесі бойынша Зеренді ауданы Троицк ауылдық округінің әкімі болып сайланды.