
Өмірбаян
Смагулов Серік Құрманович 1966 жылы 24 қыркүйекте Талдықорған облысы Борлітобе ауданы Көктерек ауылында дүниеге келді.
1973-1983 жылдар аралығында М.Маметова орта мектеп
1984-1986 жылдар аралығында совет армиясы қатарындағы әскери борышын өтеді. ГДР (полевая почта 75099).
1986-1990 жылдар аралығында Алматты Зооветеринарлық институтында ветеринарлық врач.
Еңбек жолын 1990 жылы 1 тамыздан бастап Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданы М.Горький атындағы совхозға «Ветеринариялық пунк» №1 бөлімше мал дәрігері болып жұмысқа тағайындалды. 1992 жылы М.Горький совхозы жабылып, Көктерек өндірістік кооперативі құрылды.
Көктерек өндірістік кооперативіне малдәрігері болып жұмысқа тағайындалды. 1999 жылы Көктерек өндірістік кооперативінің таралуына байланысты жұмыстан босатылды..
2000 жылы «Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне уақытша бас маман қызметіне тағайындалды.
01.11.2000 жылы штат құрылымының өзгеруіне байланысты осы «Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне уақытша бас маман лауазымнан, бас маман-мал дәрігерлік инспекторы болып ауысты.
2010-2014 жылдары «Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемелекеттік мекемесіне бас маман ветеринарлық дәрігері болып жұмыс атқарды.
2014 жылдан 05.08.2016 жылға дейін «Көктерек ауылдық округі мал дәрігерлік пункт» меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2016 жылы Алматы облысы Сарқан ауданы маслихаты шешіменен «Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініне әкім болып тағайындалып, бүгінгі күнде қызметін атқаруда.