
Өмірбаян
Әбдіғалиев Омар Зиноллаұлы
Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімі
Жалпы ақпарат, білімі
Әбдіғалиев Омар Зиноллаұлы Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тасөткел ауылында 1965 жылы туылған. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір совхоз-техникумын 1988 жылы ауыл шаруашылық өндірісінің бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша аяқтаған.
Мансап
Еңбек жолын 1982 жылы Қарабұтақ ауданаралық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде жұмысшы болып бастаған. 1988-1995 жылдар аралығында Қарабұтақ аудан аралық мамандырылған шаруашылық бірлестігінде бас бухгалтер, 1995-2006 жылдары Қызылжұлдыз ауылындағы «Нұрлы» өндірістік кооперативінің төрағасы, 2006-2008 жылдары Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясында бас маман-бухгалтер, 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әйтеке би ауданының «Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы қызметін атқарды.
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Әбдіғалиев Омар Зиноллаұлы 2023 жылдың 31 шілдесінен бастап Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
--