
Бекимова Кенжегул Тукеновна
Басшы
Өмірбаян
БЕКИМОВА КЕНЖЕГҮЛ ТӨКЕНҚЫЗЫ
«Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департменті» ММ-нің басшысы
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ, БІЛІМІ
Кенжегүл Төкенқызы 1975 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Тұрмыста, үш баласы бар.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарихшы. Әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы» мамандағы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Бизнес және құқық» мамандығы, үздік диплом.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
МАНСАП
Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды политехникалық колледжінде отандық тарих пәнінің оқытушысы болып бастаған.
1999 жылдан бастап 2006 жылға дейін Астана қаласының №38 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2007-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі.
2022 жылдан 2024 жылдың 22 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі.