
Өмірбаян
Рахимжанов Қанат Серікұлы, 1966 жылы 23 наурызда Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Жарма ауданы Терентевка ауылының орта мектебін бітірді. 1984-1986 жылдары Кеңес армиясына шақырылды. 1986-1991 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
1991-1996 жылдары - "Жас қанат" шаруа қожалығының басшысы
1996-1997 жылдары - Жарма ауданы әкімінің орынбасары
1997-2010 жылдары - "Жас қанат" шаруа қожалығының басшысы
2010-2015 жылдары - Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі
2015 - 2022 жылдары - "Жас қанат" шаруа қожалығының басшысы
2023 жылдың ақпан айынан бастап - Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округінің әкімі