
Өмірбаян
Бербол Төкенұлы Құлақов 1967 жылы 3 мамырда Семей облысы, Новошульба ауданы, "Заря" колхозында дүниеге келген. Қазақ. Білімі-жоғары. 1973 жылдан 1983 жылға дейін Семей облысы, Семей қаласының №2 орта мектеп-интернатында оқыды. 1983 жылдың шілдесінен бастап Семей облысы Новошульба ауданы "Заря" колхозында жұмысшы болып еңбек жолын бастады. 1983 жылдың қыркүйегінен 1986 жылдың наурызына дейін Ново-Покровка совхоз - техникумының, ветеринария факультетінің студенті.
1986 жылдың наурызынан 1986 жылдың мамырына дейін Семей облысы Новошульба ауданының "Заря" колхозында жұмысшы болып жұмыс істеді. 1986 жылдың мамырынан 1988 жылдың мамырына дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1988 жылғы мамырдан 1988 жылғы шілдеге дейін Семей облысы Новошульба ауданы "Заря" колхозында жұмысшы. 1988 жылдың тамызынан 1990 жылдың қазанына дейін Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтының, ветеринария факультетінің студенті. 1990 жылғы қазаннан 1992 жылғы қарашаға дейін Семей облысы Новошульба ауданы "Заря" колхозында ветеринариялық техник болып жұмыс істеді. 1992 жылғы қарашадан 1996 жылғы шілдеге дейін Семей облысы Новошульба ауданы "Заря" колхозында бас ветеринар дәрігері болып жұмыс істеді. 1996 жылдың шілдесінен 1997 жылдың қаңтарына дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Новошульба ветеринариялық станциясында ветинспектор болып жұмыс істеді. 1997 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреев ауылдық округі бойынша ветеринариялық инспектор болып жұмыс істеді