
Өмірбаян
Ережепов Ербол Шакерұлы 1972 жылы 8 маусымда Семей облысы, Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келдім. 1980 жылы осы Тарбағатай ауылындағы Октябрь орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып 1989 жылы осы мектепті бітірдім. 1989 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ммемлекеттік Ұлттық университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп 1994 жылы бітіріп тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы мамандығын алдым. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің әскери кафедрасын оқып бітірдім.
1994 жылы Семей мемлекеттік мал дәрігерлік институтына Қазақстан тарихы және экономикалық тарих кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналастым. 1996 жылы осы аталған институт таратылып, Семей мемлекеттік университетімен бірігуіне байланысты аталған университеттің Қазақстан тарихы кафедрасында оқытушы болып қызмет атқардым. 1998 жылы 6 ақпанда Талдықорған қаласындағы №2 дизайн және қолөнер лицейінде тарих және қоғамтану, мәдениеттану пәндерінің оқытушысы, тәлімгер-методист мамандықтары бойынша қызмет атқардым. 2000 жылы 29 қазаннан бастап 2003 жылдың 3 қыркүйегіне дейін «Ақбастау» шаруа қожалығында жұмысшы болып жұмыс істедім. 2003 жылы 3 қыркүйекте Октябрь орта мектебіне тарих және қоғамтану пәндерінің мүғалімі болып орналастым. Мектеп кәсіподағының төрағасы қызметін қосымша атқардым. 2007 жылы өз еркіммен жұмыстан босап, қайтадан «Ақбастау» шаруа қожалығында 2014 жылға дейін жұмысшы болып жұмыс істедім. 2014 - 2018 жылдары Тарбағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқардым. 2018 – 2025 жылдары Тарбағатай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым. 2025 жылдың маусым айынан бастап Қарағаш ауылдық округінің әкімі болып сайланды.