
Өмірбаян
Кабдыкешов Н.Р. 1963 жылы 12 тамызда Семей облысы, Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылында туған. 1994 жылы Алматы қаласының Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша бітірген.
1986-1988 жылдары Тансық кеншарының спорт жөніндегі инструкторы, 1988-1994 жылдары № 6 ферманың огрономы, бригадирі, меңгерушісі, 1994-2000 жылдары Тансық жеке меншік мекемесінің коммерциялық директоры, 2004-2010 жылдары Тарлаулы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарған. 2011 жылдың 11 наурызынан бастап Тарлаулы ауылдық округінің әкімі.