
Өмірбаян
Кабдикалимов Кадиржан Каспиевич 1971 жылдың 25 тамызда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Емелтау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің дене шынықтыру мәдениеті оқытушысы және спорт бойынша тренер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Шұбартау совхозының №4 фермасында жұмысшы болып бастаған. 1989-1991 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1992-1995 жылдары Шұбартау совхозының № 4 фермасының жұмысшысы, 1996-2017 жылдары әскери даярлық жетекшісі және дене шынықтыру мұғалімі. 2017-2019 жылдары Малкелді ауылдық округінің әкімі. 2019 жылғы 7 қазаннан бастап Емтау ауылдық округінің әкімі.