
Өмірбаян
06.02.1985 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. 2001 жылы «Екпін орта» мектебін бітірді. 2003жылы Шәкәрім атындағы СМУ-нің Агротехникалық колледжін - экономист бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. 2019-2022 жылдары «Alikhan Bokeikhan Universiti» білім беру мекемесінің заңгер мамандығын бітірді.
Еңбек жолын 2013 - 2015 жылдар аралығында «Бидайық ауылдық округі әкімі аппараты» мм іс-қағаздарын жүргізуші болып бастады. 2016 - 2017 жылдары Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Өрлеу» бағдарламасымен ассистент болып жұмыс атқарды. 2018 - 2022 жылдар аралығында ШҚО Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. 2022-2024 жылдары Абай облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. 21.07.2024 жылы Бидайық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.