
Кезенова Бақытгүл Қажыкамитқызы
Өтенай ауылдық округі әкімі аппараты ММ-нің қаржы, экономика және салық бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
Кезенова Бақытгүл Қажықамитқызы 1985 жылы 18 қарашада Талдықорған облысы Сарқан ауданы Көкөзек ауылында дүниеге келген. Бүгінгі күні Өтенай ауылында, Жастар 2 тұрғын үй алабы Төле би көшесі 13 үйде тұрады.
1992 жылы Талдықорған облысы Сарқан ауданы Көкөзек ауылында1-сыныпқа барды. 2003 жылы 11-сыныпты сол мектепте бітірді.
2004-2009 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қаржы факультетінде "Қаржы" мамандығы бойынша оқуды тамамдады.
Отбасылық жағдайы үйленген, 3 баласы бар.
2005 жылы 04 қараша айынан 2006 жылдың 27 наурызына дейін «Казпочта» Ақ желілік цехының желіде пошталық вагон бастығының орынбасары болып жұмыс жасады.
2009 жылы 07 қазан айынан 2010 жылдың 26 тамызына дейін Гуманитарлы-экономикалық колледжінде экономика пәндерінің оқытушысы болып жұмыс жасаған.
2010 жылы 15 қыркүйек айынан 2010 жылдың 15 қарашасына дейін «ИНТЕРФУД» ЖШС (ТОО СКГП «INTERFOOD») «Сити Плюс» ойын сауық сауда орталығының бакалея супермаркетінде саудагер-кассир болып жұмыс жасады.
2012 жылы 02 мамыр айынан 2013 жылдың 01 қарашасына дейін Талдықорған қаласының ветеренария бөлімі мемлекеттік мекемесінің инспектор-есепшісі болып жұмыс жасады.
2013 жылы 23 желтоқсан айынан 2014 жылдың 03 сәуіріне дейін «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржы және экономика, салық бөлімшесінің жетекші маманы болып жұмыс атқарды.
2014 жылы 03 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржы және экономика, салық бөлімшесінің басшысы қызметін атқаруда.

