
Өмірбаян
Жәнібек Еркебұлан Қуатұлы 1989 жылы 12 сәуірде Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. 2006-2011 жж. аралығында Ш. Есенов ат. КМТжИУ "Жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы тұрмыстық техника жөндеу шебері болып бастаған.
2011 жылы - "Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі" ММ-де сайлау тізімін жасақтаушы;
2012 жылы - "Ақтау қалалық әкімінің аппараты" ММ-де веб-сайт операторы; Кейін, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман;
2013 жылы - "Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы" ММ-де саяси партиялар және ҮЕҰ-мен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2014 жылдан бастап "Sadakat Service" ЖШС директорының орынбасары;
2017-2021 жж. - "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де бас маман көмекшісі; Кейін, әкім орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап Ақшұқыр ауылының әкімі болып тағайындалды
