
Маутказинова Еркежан Ериковна
Абай облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің әкімі .
Өмірбаян
1989 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген, Семей облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылы. Ұлты бойынша қазақ. Тұрмыста . Білімі жоғары, 2013 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін экономика, бухгалтерлік есеп және аудит Қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылдан бастап Бородулиха ауылы "Бородулиха жалпы білім беретін қазақ мектебі" КММ бухгалтері болып бастады. 2011 жылдан бастап "Новодворов ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ мемлекеттік тіл редакторы. 2012 жылдан бастап Бородулиха ауданы, Ивановка ауылы, "Ивановка орта мектебі" КММ бухгалтер болып қабылданды. 2013 жылдан бастап "Новодворов ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ мемлекеттік тіл редакторы. 2018 жылдан бастап "Новодворов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің статисті болып тағайындалды, сол жылы "Новодворов ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ-нің бас маманы болып тағайындалды. 2022 жылдың 2 қазанынан бастап Абай облысы Бородулиха ауданы Новодворов ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.