
Шакенов Ертай Зейнелгазыевич
Абай облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1984 жылы 21 маусымда Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген. Қазақ, екі баласы бар. Біліміжоғары. 2006 жылыШәкәрім атындағымемлекеттік университетін «Ветеринарлық-санитарлық дәрігер»мамандығы бойыншабітірген.
Еңбек жолын 2006 жылдың тамызынан«Е.Зайтенов»шаруа қожалығында мал дәрігері болып бастады. 2006 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқарды. 2008 жылдың шілдесінен желтоқсанға дейін«ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ жетекші маманның міндетін атқарды. 2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың тамызына дейін«ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ жетекші маман болып жұмыс істеді. 2009 жылдың тамызынан 2012 жылдың наурызына дейін«ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ бас маман болып жұмыс істеді. 2012 жылдың наурызынан2015 жылдың сәуірінедейін«ШҚО Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»ММ сектормеңгерушісіболып жұмыс істеді. 2015 жылдың сәуірінен 2020 жылдың наурызына дейін«ШҚО Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі»ММ басшысы болып жұмыс істеді. Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде 2020 жылдың наурызынан бастап Новопокровка ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарды. 2020 жылдың шілдесінен бастап Бородулиха ауданы әкімінің өкімімен Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.