
Шингискенов Кайратбек Сериктасович
Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты
Өмірбаян
ШингискеновКайратбекСериктасовичГлуховка ауылдық округінің әкімі Жалпы ақпарат, біліміШингискенов Кайратбек Сериктасович 1974 жылы 30 қараша күні Семей облысы, Ақсуат ауданы, Кіндікті ауылында дүниеге келді. «Ветеринария» мамандығы бойынша орта-арнайы білімі бар , екі жоғары білім, 2005 жылы Алматы қаласындағы Қазақ көлік және коммуникация Академиясын бітірген, 2017 жылы Семей қаласында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазақ Инновациялық университетін бітірген. |
Мансап
Жалпы еңбек өтілі 28 жыл, Мемлекеттік қызмет өтілі – 12 жыл, оның ішінде басшы лауазымдағы өтілі 3 жылдан астам, ветеринария және ауыл шауруашылығы саласындағы көп жылдық тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 1994 жылдың шілдесінде Жаңасемей ауданы «Жарқын» кооперативінің ветеринарлық дәрігері болып бастаған, бірнеше жыл бойы жеке кәсіпкерлікпен айналысқан, 2010 жылы Мемлекеттік қызметке – Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылдық округінің бас маманы болып қабылданды, 2015-2016 жылдары Бесқарағай ауданының ветеринария бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді, 2 жылдан астам ауылдық округ әкімінің жұмысында тәжірибесі бар.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.