
Өмірбаян
Григорий Петрович Лазарев1969 жылғы 16 тамызда Семей облысы Новошульба ауданының Песчанка ауылында дүниеге келген.
1988 жылы кеңес әскері қатарына шақырылды. 1944 жылы ауыл шаруашылығының механизациясы мамандығын алып, Алтай мемлекеттік аграрлық университетін бітірді.
Өзінің еңбек жолын 1986 жылы Ленин атындағы совхозда механизатор болып бастады. 1994 жылдың қазанынан «Татьяна» шағын дербес кәсіпкерлікте қоймашы болып жұмыс істеді, 1995 жылдың маусымынан «Ленинское» АҚ автопарк механигі, одан кейін автогараж меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2000 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2010 жылдың наурызына дейін Ленин ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2010 жылдың наурызынан бастап 2016 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, ауданы әкімінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 181 - ж/қ өкімімен Бородулиха ауданы Ленин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
2017 жылғы 1 наурыздағы ШҚО Бородулиха ауданы әкімдігінің №33 қаулысы негізінде «ШҚО Бородулиха ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» атауы «ШҚО Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» өзгертілді.
ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің өкімі негізінде Григорий Петрович Лазарев 2017 жылғы 13 наурыздан бастап ШҚО Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің әкімі.