
Жанаков Айдос Муташевич
Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Өмірбаян
Семей облысы облысы, Шар ауданы, Шар қаласында 1978 жылы 21 қазанында туған.
Білімі: Жоғары, 2000 жылы - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша инженер-экономист біліктілігі бойынша бітірген.
Ұлты: қазақ;
Отбасылы. Жолдасымен 4 бала тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 2004 жылы Белтерек ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман-есепшісі болып бастады;
2007-2009 жылдары Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
2009-2011 жылдары Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі;
2011-2019 жылдары Жарма ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2019 жылдың қараша айынан -2021 жылдың 25 қаңтарына дейін Жарма ауданы әкімінің төтенше жағдай жөніндегі көмекшісі;
2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2024 жылдың 28 наурызынан бастап - Жаңасемей аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.
