
Өмірбаян
Құсайынов Алмат Талғатұлы, 1993 жылдың 22 қаңтарында Семей облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылында дүниеге келген. Білімім-жоғары. 2010 жылы М. Әуезов атындағы орта мектебін «Алтын белгіге» бітіріп Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық Заң университеті, экономика және бизнес факультеті, «Психология» мамандығына оқуға түсіп 2014 жылы бітірген. 2010-2013 жылдары аталған жоғарғы оқу орнының әскери кафедрасын «тәрбие құрылымының офицері» мамандығы бойынша аяқтап «лейтенант» әскери атағын алған.
2016-2018 жылдары Өскемен қаласы 27943 әскери бөлімінде «Тәрбие құрылымының офицері»
2018-2019 жылы Семей қаласының 30217 әскери бөлімінде «Тәрбие құрылымының офицері»,
2019-2022 жылдары 44736 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің офицері.
2022-2025 жылдары Семей қаласының 32355-К әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары. Әскери атағым «майор».
05.05.2025 жылдан бастап Абай облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі.