
Құрманғалиев Бауржан Қалиұлы
Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының әкімі
Өмірбаян
Құрманғалиев Бауыржан Қалиұлы 1975 жылы 10 желтоқсанда Ақмола облысының Зеренді ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Зеренді ауданының Первомай негізгі мектебінің бірінші сыныбына барды. Зеренді ауданының Подлесный орта мектебін 1992 жылы бітірген. 1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне "тарих мұғалімі" мамандығы бойынша тарих факультетіне түсіп, 1998 жылы бітірді.
1998 жылдың тамызынан 1999 жылдың тамызына дейін Зеренді ауданының Первомай негізгі ауданының тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
15.03.2004 жылдан бастап Ақмола облысы мәдениет басқармасының М.Ғабдуллин мұражайында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Өз еркімен 31.07.2012 жылы жұмыстан шығарылды.
18.08.2014 жылдан бастап "Зерен" колледжі мекемесінің оқытушысы болып қабылданды, "Зерен"мекемесінің таратылуына байланысты 18.082.2015 жылы жұмыстан шығарылды.
01.08.2015 жылдан бастап "Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ статистик болып қабылданды 25.09.2015 жылдан бастап "Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2018 жылғы 17 мамырда "Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2018 жылдың 17 мамырында Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.