Рахимбергенов Аслан Рахимович

    Қарқаралы қаласының әкімі

    Рахимбергенов Аслан Рахимович
    Аким

    Рахимбергенов Аслан Рахимович

    Қарқаралы қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Рахимбергенов Аслан Рахимович 1985 жылдың 19 наурызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласында дүниеге келдім. Білімім 2 жоғарғы (экология бакалавры, менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры).

    1991-2002 жылдар аралығында Қарқаралы қаласындағы академик О.А.Жаутыков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы болдым.
    2002-2006 жылдар аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің био-география факультеті, экология мамандығы бойынша студент болып, осы мамандықтың үздік диплом иегері атандым.
    2006-2007 жылдар аралығында Қарқаралы қаласындағы академик О.А.Жаутыков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің экология пәнінің, 2008-2011 жылдар аралығында оқытушы-ұйымдастырушы, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.
    2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірлігінің №31775 әскери бөлімі қатарында әскери борышымды өтеп, ҚРҚМ запастағы кіші сержанты атандым.
    2011-2012 жылдары Қарқаралы аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2012-2013 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің бас маманы болып қызмет істедім.
    2013-2020 жылдар аралығында Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры қызметін атқардым.
    2015-2017 жылдар аралығында Алматы экономика және статистика академиясының менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры атандым.
    2018-2020 жылдар аралығында Қарқаралы ауданының 6 шақырылым мәслихатының депутаты болып сайландым.
    2020-2024 жылдар аралығында Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқардым.
    Үйленгенмін, 5 балам бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері