
Молдаханов Ринат Жанатбекович
Абай облысы Абай ауданы Архат ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Ринат Жанатбекович Молдаханов 1984 жылы 15 қазанда Абай облысы Абай ауданы Архат ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі – арнайы орта және жоғары.
2002 жылы Рымбек Байсейтов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжін қаржыгер мамандығы бойынша бітіріп, 2006 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған .
Ринат Жанатбекович Молдаханов алғашқы еңбек жолын мамандығы бойынша 2006-2007 жылдар аралығында Астана қаласының Білім департаментінің орталықтандырылған бухгалтериясынан бастап, 2007-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық қамтамасыз ету департаментінде жетекші маман лауазымынан бастап, сарапшы, бас сарапшы сатыларынан өтіп, Бюджетті жоспарлау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басқармасының басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.
Сонымен қатар, 2016-2017 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасында басқарма басшысының қайта өңдеу, кейіннен экономика саласы бойынша орынбасары болып жұмыс жасап, 2018-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініңАгроөнеркәсіп саласын цифрландыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары және 2019-2020 жылдар аралығында осы министрліктің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарған.
2021 жылдың шілде айынан бастап Архат ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарып келеді.