
Абдықадыров Ербол Айтмырзаұлы
Қопа ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Абдықадыров Ербол Айтмырзаұлы 1986 жылы Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қопа ауылында дүниеге келді. 1993-2004 жылдары Аягөз ауданы, Қопа ауылдық округіндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектепте білім алды. 2004-2007 жылдары Алматы қаласында орналасқан Банк ісі Академиясының колледжінде оқып «Банк ісі» мамандығын алды. 2007-2012 жылдары Алматы қаласында орналасқан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында оқып, «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды. 2021-2023 жылдары Алматы қаласында орналасқан “Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті” мекемесінде оқып, Көлік, көлік техникасы және технологиялары” мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесі берілді.
2005-2008 жылдары аралығында «Вагонсервис» АҚ ұлттық компаниясының Алматы филиалында жолаушылар вагондарын жөндеу бөлімінде бухгалтер қызметінде болды. 2008-2012 жылдары «Алматы-Метроқұрылыс» АҚ-да 2 санатты тау-кен жұмысшысы болды. 2012-2017 жылдары аралығында 1-санатты техник-материалист болып қызымет атқарды. 2017-2020 «ҚТЖ» «ҰК» АҚ бөлімшесі «Ірілендірілген» Алматы жол дистанциясында жол монтеры болып қызмет жасады. 2020-2021 жылдары аралығында «ҚТЖ» «ҰК» АҚ-ның «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» экономика бөлімінің жетекші инженері болып жұмыс жасады. 2023-2025 жылдары "ҚТЖ-ЖҮК тасымалы" ЖШС "ЖТ Алматы бөлімшесі филиалы" - "Ақтоғай локомотив пайдалану депосы" Тепловоз машинисінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 2023-2025 жылдары «Марат» шаруа қожалығының жетекшісі болды. 2025 жылы қыркүйек айынан бастап Қопа ауылдық округінің әкімі болып сайланды.