Вишняков Сергей Дмитриевич

    Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімі

    Вишняков Сергей Дмитриевич
    Аким

    Вишняков Сергей Дмитриевич

    Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Вишняков Сергей Дмитриевич, 1979 жылы 14 шілдеде Текелі қаласында дүниеге келген.

    1996 жылы Текелі қаласының №7 орта мектебінің 11 сыныбын бітіріп, сол жылы Талдықорған қаласының заң колледжіне "Құқықтану" мамандығы бойынша түсіп, 1998 жылы бітірді.

    1998 жылы "Темірқазық" институтына "Қаржы және несие" мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуды аяқтағаннан кейін 2001 жылы экономист-қаржыгер біліктілігі берілді.

    Еңбек жолын 2002 жылғы наурызда "БанкЦентрКредит" ААҚ Талдықорған филиалының есеп айырысу-кассалық бөлімінің менеджері болып бастады, 2002 жылғы маусымда еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыстан шықты.

    2002 жылдың шілдесінде "Green House" ЖШС Талдықорған өкілдігіне қойма меңгерушісі болып жұмысқа қабылданды, 2002 жылдың қыркүйегінде өз еркімен жұмыстан шықты.

    2003 жылғы 14 наурыздан 2004 жылғы 19 қаңтарға дейін Текелі қаласының Рудничный кентінің статистика бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып қабылданды.

    2004 жылғы 24 ақпаннан бастап 2005 жылғы 15 қыркүйекте Текелі қаласының Рудничный кенті статистика басқармасының бас маманының міндетін атқарушы болып қабылданды.

    2005 жылғы 15 қыркүйектен 2005 жылғы 01 қарашаға дейін Талдықорған қаласы Отенай ауылдық округінің статистика басқармасының бас маманы болып қабылданды.

    2005 жылғы 02 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Текелі қаласының Рудничный ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.