
Жаркенов Дихан Даутович
М.Жұмажанов а.о. әкімі
Өмірбаян
Мен, Жаркенов Дихан Даутович 1983 жылы 29 сәуірде Қарағанды облысы (қазіргі Ұлытау облысы) Жаңаарқа ауданы, М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінде дүниеге келдім. Осы ауылдағы Жаңаарқа негізгі мектебінде 9 жылдық білім алып, 2000 жылы 11 сыныпты аудандық Ю.Гагарин атындағы орта мектебінен аяқтадым. 2000-2006ж.
С.Сейфуллин атындағы Ақмола қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін тәмамдап, «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша диплом алдым.
Бауырларымның барлығы заңды некеде. Ата – әжелерім туралы деректер жоқ.
Мамандығым бойынша жұмыс болмағандықтан, еңбек жолымды 2009 жылы әскерилендірілген теміржол күзетінде күзетші болып бастадым.
01.09.2010 жылы Қызылжар станциясына қарасты, ауыспалы тобының бастығы болып қызметім жоғарылады.
11.04.2012 жылы диплом бойынша жұмыс табылғандықтан, өз еркіммен жұмыс орнынан босап, Жаңаарқа ауданы М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінде санитарлық фельдшері ретінде жұмысқа орналастым.
01.02.2013 жылы қызметім жоғарылап, Жаңаарқа ауданы М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінде келісім шарт бойынша ветеринарлық инспекторы болып тағайындалдым.
06.01.2014ж-31.12.2014ж. Жаңаарқа ауданының М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінде бас маман;
31.12.2014ж-30.09.2015ж. Жаңаарқа ауданы М.Жұмажанов атындығы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;
30.09.2015ж-02.05.2017ж. Жаңаарқа ауданы М.Жұмажанов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
02.05.2017ж-03.07.2018ж. Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы;
03.07.2018ж-02.07.2020ж «Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімі» ММ басшысы;
03.07.2020ж-30.06.2022ж «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ ветеринарлық-санитариялық шараларды ұйымдастыру және ТЖ бөлімінің бас маманы болып қызмет атқардым.
2022 жыл Қарағанды облысы әкімінің 2022 жылдың 30 маусымындағы №46 «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімінің 2022 жылғы 30 маусымындағы №5 бұйрығына сәйкес штат қысқаруына байланысты қызметімнен босатылдым.





