
Көшек Жасұлан Мұратұлы
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Самарқанд ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Көшек Жасұлан Мұратұлы, 1993 жылы 22 қыркүйекте Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка ауылында дүниеге келдім. 2006-2023 жылдар аралығында Бұқар жырау ауданы, Ростовка ауылында тұрдым. Қазіргі таңда Теміртау қаласында тұрамын.
2015 жылы «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін аяқтадым.
2019 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың қазан айына дейін «Хоум Кредит Банкі» АҚ несиелік кеңесші болып жұмыс істедім.
2019-2023 жылдар аралығында «Самарқанд ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман болып қызмет атқардым.
2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың ақпанына дейін Теміртау қаласының МҚБ заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 19 ақпаннан бастап Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Самарқанд ауылдық округінің әкімі.