
Өмірбаян
1980 жылы 15 қазанда Талдықорған облысы Талдықорған ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары, 2013 жылы Көкше академиясын "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
1998-2000 жылдар аралығында Алматы облысының ішкі істер департаментінің ішкі істер бөлімдерінде қызметкер;
2005-2006 жылдар аралығында Алматы облысы Кербұлақ ауданының ішкі істер бөлімінің аға инспекторы;
2007-2008 жылдар аралығында «Борышкерлермен жұмыс бюросы» ЖШС-нің қарыздарды өндіру бойынша Талдықорған қаласының аймақтық уәкілдігінің инспекторы;
2008-2010 жылдар аралығында «Борышкерлермен жұмыс бюросы» ЖШС-нің қарыздарды өндіру бойынша Талдықорған қаласының аймақтық уәкілдігінің аға инспекторы;
2010-2012 жылдар аралығында «Борышкерлермен жұмыс бюросы» ЖШС-нің Талдықорған қаласының аймақтық уәкілдігінің қарыздарды өндіру бөлімінің бастығы;
2012 жылы «Борышкерлермен жұмыс бюросы» ЖШС-нің Талдықорған қаласының аймақтық уәкілдігінің директоры;
2013 жылы «Қазақстан Секьюрити Систем» ЖШС-нің Алматы облыстық уәкілдігінің аға менеджері,
2014 жылы «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңгері;
2015 жылы Ескелді ауданының Н.Алдарбергенов атындағы орта мектебінің зертханашысы;
2015-2017 жылдар аралығында «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңгері;
2017 жылы Ақсу ауданының ветеринарлық станциясының заңгері;
2018 жылы «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторы;
2018 жылы «Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің компьютер ақпарат жүйелер маманы;
2018-2019 жылдар аралығында «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы;
2019-2023 жылдар аралығында Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
2023 жылдың 16 мамырынан бастап Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.