
Сүлейменов Жалғас Серiкбайұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1982 жылы 11 қазанда Ресей Федерациясы Омбы облысы Исилькуль ауданының Комсомол ауылында дүниеге келген. Екi жоғары бiлiмi бар: 2004 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн заңгер мамандығы бойынша; 2014 жылы Қазақ-инженерлiк-техникалық академиясын жерге орналастырушы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы №2 Петропавл қалалық учаскесiнiң сот орындаушысы ретiнде бастаған.
2006-2012жж. «ҚР ӨДМ ЖРБК СҚО бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ бас маманы.
2012-2015жж. «ҚР ӨДМ ЖРБК СҚО бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
2021-2022 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
2022 – 2023 жылдары «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысының орынбасары
2023 жылғы 15 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы"КММ басшысының орынбасары болып тағайындалды



