
Мұратбеков Дәурен Болатұлы
Аппарат басшысы
Өмірбаян
1984 жылы 13 маусымда дүниеге келді.
2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2008 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтерді басқару саясаты Департаментінің/Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің (04.2010 жылдан бастап қайта ұйымдастырылғаннан кейін) іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспектор болып бастады, бұдан әрі жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеді.
2011 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының бастығы.
2011 жылдың сәуір айынан бастап «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Инновацияларды қолдаудың сервистік құралдарын әкімшілендіру орталығы директорының орынбасары/«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инноваторлармен және өңірлермен жұмыс орталығы директорының орынбасары (07.2012 жылдан бастап қайта ұйымдастырылғаннан кейін).
2013 жылдың тамыз айынан бастап «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директор - Жобаларды талдау және мониторингтеу орталығының директоры.
2014 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментінің директоры (2016 жылғы ақпаннан 2018 жылғы маусымға дейін өзінің негізгі қызметімен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болды).
2018 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі.
2023 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 124 Өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы - аппарат басшысы болып тағайындалды.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медальдарімен, Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Премьер-Министр орынбасарының - Министрінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
