
Өмірбаян
Жанғазиев Таңатар Тілеубергенұлы 1978 жылғы 29 қыркүйекте Панфилов ауданы, Надек ауылында дүниеге келді. Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетін 1994-1999 жылдары инженер – педагог мамандығы, Алматы қаласындағы Халықаралық мамандықтар институтын 2003-2007 жылдары құқық саласының маманы бойынша бітірген.
1997 -1999 жылдары Ә.Қастиев орта мектебінде дене тәрбие мұғалімі. 1999-2004 жылдары Надек орта мектебінде еңбек,сызу пәнінің мұғалімі. 2004-2007 жылдары Бірлік ауылдық округ әкімшілігінде бас маман. 2007-2008 жылдар Аудандық білім бөлімінде әдіскер. 2008-2009 жылдар Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің орынбасары. 2009-2010 жылдар «Хоргос – Сервис» ЖШС директорының кеңесшісі. 2010-2011 жылдар Панфилов аудандық әділет басқармасының инспекторы. 2011 – жылдың желтоқсан айынан Панфилов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерінде болды.
2012 жылдың 2 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Үшарал ауылдық округінің әкімі қызметінде.