
Өмірбаян
Сәрсенбек Ұлан Оразғалиұлы 1989 жылы 31 наурызда туылған.
2007-2011 жылдары Шымкент қаласындағы «Мирас» университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. 2013-2015 жылдары Орталық Азия инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2013-2014 жылдары аралығында ҚР ІІМ «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында» полиция қызметкері.
2015 – 2021 жылдары «Қаратау қалалық әкімінің аппараты» КММ тұрғын үй коммуналдық бөлімшесінің бас маманы.
2021 – 2022 «Қаратау қалалық әкімінің аппараты» КММ тұрғын үй коммуналдық бөлімшесінің басшысы.
2022 жылдан бастап Қаратау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келеді.
Үйленген, отбасында екі ұл тәрбиелеуде.

