
Өмірбаян
Мен Тлеуғасым Алішер 12 қаңтар 1992 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кентінде дүниеге келдім. Білімім жоғары
2009 жыл Алматы облысы, Қартал ауданы, Алмалы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітіріп шықтым. Сол жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2014 жылы Қаңбақты ауылдық округі әкімі аппаратында жастар ісі нұсқаушысы болып бастадым. Сол жылдың қазан айынан бастап Бәйшегір ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істедім. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Бәйшегір ауылдық округінің әкімі болып еңбек етудемін.