
Суиналин Махамбет Арынгазыевич
Абай ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Суиналин Махамбет Арынгазыевич 1978 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2001 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Хромтау қаласындағы №4 кәсіптік-техникалық лицейде физика және математика пәнінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары осы оқу орнында кәсіптік оқыту шебері, аға шебері қызметтерін атқарды. 2014–2016 жылдары «Хромтау тау-кен колледжі» МКҚК директорының тәжірибе жөніндегі орынбасары болды. 2016–2019 жылдары «Бадамша агротехникалық колледжі» МКҚК директоры қызметін атқарды. 2019–2020 жылдары қайтадан «Хромтау тау-кен колледжінде» директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, кейін сол округтің әкімі болып тағайындалды. 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.