
Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы
Құдықсай ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы 1982 жылғы 20 маусымда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары.2002 жылы Рудный қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжді тәмамдаған.2009 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы Есенкөл орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары:
2006–2007 жж. — Аманкөл ауылындағы Т. Жаманмұрынов атындағы орта мектепте мұғалім;
2007–2010 жж. — Ырғыз ауданындағы №1 орта мектепте мұғалім;2010–2011 жж. — Құмтоғай ауылындағы Қарасай негізгі мектебінің директоры;
2012–2013 жж. — Нұра ауылдық округіндегі Қарақұдық негізгі мектебінде мұғалім;
2013–2014 жж. — «Дүкен» негізгі мектебінің директоры;
2014–2018 жж. — Хромтау ауданындағы №2 орыс гимназиясында мұғалім;
2018 жылы — Құдықсай негізгі мектебінің директоры.
2018 жылғы 3 шілдеден бастап Құдықсай ауылдық округінің әкімі.