
Мухаметжан Дидар Сембекұлы
Жетісу облысы Панфилов ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мухаметжан Дидар Сембекұлы 1985 жылы 19 қазанда қазіргі Жетісу облысы Панфилов ауданы Алтыүй ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық Университетінің «сарапшы-бағалаушы» мамандығы бойынша бітірген.
2007-2008 жж. Панфилов ауданының жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының маманы.
2009-2012 жж. «Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2012-2013 жж. Панфилов ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы;
2013-2021 жж. Панфилов ауданының тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы.
2021 жылдың 25 шілдесінен бастап Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Бірлік ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды .
