Мамыр Мұхит Сатымбайұлы

    Мұқаншы ауылдық округінің әкімі

    Мамыр Мұхит Сатымбайұлы
    Аким

    Мамыр Мұхит Сатымбайұлы

    Мұқаншы ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мамыр Мұхит Сатымбайұлы 1976 жылы 12 қаңтарда Талдықорған облысы Киров ауданы Көксу бекетінде дүниеге келдім. 1983 жылы Жетіжал ауылындағы Ф.Энгельс орта мектебінде қадам бастым, оны 1993 жылы аяқтадым. Сол жылы Олимпиада резервтерін даярлайтын Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық училищесіне оқуға түсіп, аталған училищенің толық курсын «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 1995 жылы аяқтадым. 1995 жылы Талдықорған сыртқы заң институтына түсіп, 1998 жылы құқықтану мамандығы бойынша курсты толық аяқтап, игеріп шықтым.

    2001 жылы жұмыс тәжірбиемді Алматы қаласындағы №33 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастадым.

    2003 жылы Алматы қаласы «№13 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубына», жастарды еркін күреске дайындау бойынша әдіскер-нұсқаушы болып жалғастырдым.

    2004 жылы Алматы қаласы, «Дене шынықтыру және спорт комитетінің» Дене шынықтыру және сауықтыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқардым.

    2007 жылы Алматы қаласының «Халықтық ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру - дене шынықтыру клубы» мектеп оқушылары арасында «Бұқаралық дене шынықтыру» бөлімінің нұсқаушысы болып қабылдандым.

    2011 жылы Алматы облысы «Олимпиядалық резервтер дайындау» ММ-не техник жабдықтырушы қызыметіне қабылдандым.

    2014 жылы «Алматы облысының греко-рим, еркін күрес және әйелдер арасындағы күрес Федерациясы» Қоғамдық бірлестігі басшысының кеңесшісі қызыметін атқардым.

    2019 жылдың қаңтар айында «Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Қаратал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер-нұсқаушы қызыметіне тағайындалдым.

    2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жоғарыда аталған жұмыстан өз екріммен босатылып, Жетіжал ауылына қарасты «Аламан» шаруа қожалығының басшысы болып 2023 жылдың 11 желтоқсанына дейін қызмет атқардым.

    2023 жылдың 19 наурызынан бастап Көксу аудандық мәслихатына бір мандаттық тізіммен №11 округінен депутат болып сайландым.

    2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Мұқаншы ауылдық округінің әкімі болып сайландым.