Бәзілов Мәулен Сайлаубайұлы

    Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі

    Бәзілов Мәулен Сайлаубайұлы
    Аким

    Бәзілов Мәулен Сайлаубайұлы

    Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1966 жылы 1 сәуірде Талдықорған облысы Киров ауданы В. В. Куйбышев атындағы колхозда дүниеге келген.1973-1983 жылдары В. В. Куйбышев атындағы орта мектепте оқыды. 1983-1989 жылдары Алматы ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетінің "орман шаруашылығы инженері" мамандығы бойынша бітірген.

    1989-1990 жылдары Үштөбе қаласының орман шаруашылығында орман күтуші. 1990-1994 жылдары Киров ауданы В. В. Куйбышев атындағы колхозында техника қауіпсіздігі бойынша инженер. 1994-1998 жылдары "Шаған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бақылаушы.1998 жылы Көксу ауданы, аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген, сол жылы аудан әкімі аппаратында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Көксу аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 2005-2008 жылдары Көксу ауданы бойынша Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында мемлекеттік экологиялық инспекторы.2008 жылдан 2011 жылдары Алматы облысы зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің бастығы. 2011-2012 жылдары Алматы облыстық аумақтық инспекциясының, орман және аңшылық шаруашылығы бастығының орынбасары, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі.