
Аким
Диханбаев Серік Жекебатырұлы
Ауыл округ әкімі
Өмірбаян
Мен, Диханбаев Серік Жекебатырұлы, 1991 жылы 7 қазанда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Егінсу ауылында дүниеге келдім.
1998–2009 жылдары туған ауылымдағы Егінсу орта мектебін аяқтап, кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясында жоғары білім алдым.
2014 жылы әскери оқытылған резерв бойынша арнайы дайындықтан өтіп, сол жылы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман болып еңбек жолымды бастадым. 2020 жылға дейін мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтап, қазіргі таңда туған ауылымда орналасқан «Жанаш» шаруа қожалығына басшылық етіп келемін.