
Абдумуталиев Алға Балабекұлы
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мен Абдумуталиев Алға Балабекович 1975 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келдім. 1982-1992 жылдар аралығында Ақкөл орта мектебінде білім алдым. 2000-2002 жылдар аралығында Жамбыл политехникалық коледжінде экономика және бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша білім алдым. 2004-2007 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Алматы Эканомика және статистика академиясында жоғары білім алдым.
Мен Абдумуталиев Алға Балабекович 1975 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келдім. Өз қызмет жолымды 1992-1993 жылдар аралығында Тараз шыны заводында жұмысшы ретінде бастады. 2003-2009 жылдар аралығында Жамбыл политехникалық коледжінде күзетші қызметін атқардым. 2009-2010 жылдар аралығында Жамбыл облыстық кәсіпкерлі және өнеркәсіп басқармасында бас маман қызметін атқардым. 2012-2014 жылар аралығында Жасыл Ел Тараз мекемесінде кассир қызметін атқардым. 2015 жылдың наурыз айы мен желтоқсан айлар аралығында Қызылқайнар ауылдық округінде бас маман салық агенті қызметін атқардым. 2016-2022 жылдың шілдесіне дейін Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасры ретінде қызмет атқардым. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Бесағаш ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келем.