Амантаев Ербол Еркінбайұлы

    Қарой ауылдық округінің әкімі

    Амантаев Ербол Еркінбайұлы
    Аким

    Амантаев Ербол Еркінбайұлы

    Қарой ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    Амантаев Ербол Еркінбайұлы 1975 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.

    Ұлты бойынша – қазақ.

    Жоғарғы білім. 2007 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. М.Х.Дулати құрылыс мамандығы бойынша.

    Үйленген, 4 баласы бар.

    Мансап

    Еңбек жолын 2008 жылы «Промхиммонтаж» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінде инженер болып бастады.

    2008-2009 жылдары Тараз экономика және статистика колледжінің жүргізушісі;

    2009-2010 жылдары «Ременерго» ЖШС директорының орынбасары;

    2010-2013 жылдары «Ременерго» ЖШС директоры;

    2013 жылы «Әулие ата жаңа жол-2030» ЖШС бас инженері;

    2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің штаттан тыс кеңсе инспекторы; 2014-2016 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы;

    2016-2017 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі;

    2017 жылы Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру секторының меңгерушісі;

    2017-2018 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы;

    2019 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

    2019-2020 жылдары «Бином» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы;

    2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының тұрғын үй, инженерлік коммуникациялар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

    2021-2023 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

    2023 жылдың 13 қарашасынан бастап Қарой ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.