
Өмірбаян
Масатов Айдын Әділханұлы 1989 жылы 18 желтоқсанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пионер (қазіргі Ащыбұлақ) ауылында дүниеге келді. 1996 жылы Қ.Сартбаев атындағы орта мектебіне алғашқы сыныпқа барып 2007 жылы аталған мектепті аяқтады. 2007-2011 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Тараз мемлекеттік университетіне "Бастапқы әскери дайындық" мамандығы бойынша жоғарғы білім бакалавр мамандығын алып шықты. 2013-2015 жылдары Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 2011 жылы "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Жамбыл аудандық филиалында жастар тәжірибесі бойынша,
2012-2016 жылдары Жамбыл аудандық Жастар ресурстық орталығы КММ жастар ісі жөніндегі кеңесшісі,
2016-2023 жылдары Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
2023 жылдың 27 маусымынан бастап, бүгінгі күнге дейін Қарасу ауылдық округінің әкімі болып сайланды.