Каюпов Аманбай Абдигалиевич

    Әкім

    Каюпов Аманбай Абдигалиевич
    Аким

    Каюпов Аманбай Абдигалиевич

    Әкім

    Өмірбаян

    Мен Каюпов Аманбай Абдигалиевич 1990 жылы 25 мамырда Ақтөбе облысындағы өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы қатар дамыған Шалқар қаласында ұстаздық жолда қызмет атқарған отбасында дүниеге келдім.

    Әкем - Каюпов Әбдіғали Нағашыбайұлы 02.05.1966 жылы Шалқар ауданы, Тұмалыкөл ауылында дүниеге келді. 2002 жылдан бері Қаратоғай ЖББОМ директоры қызметін атқарып келеді.

    Анам - Тайпакова Айман Бақалқызы 1969 жылдың 18 наурызда айында БҚО Шыңғырлау ауданы Лубенка ауылында дүниеге келді. ҚР азаматшасы. Қазіргі таңда Шалқар ауданы, Қаратоғай ауылында құқықтану пәнінен мұғалім.

    Жұбайым – Каюпова Айдана Кабиевна 1989 жылдың 24 қыркүйек Ақтөбе қаласында дүниеге келді. ҚР азаматшасы. Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін тәмамдады. Екеумізде болашағы жарқын Әсем, Айару, Шахимардан, Көзайым есімді төрт баланын ата-анасымыз.

    1996 жылы Шалқар ауданына қарасты Шетырғыз ауылдық округі Тұмалыкөл елдімекеніндегі «М.Орынбасаров атындағы орта мектеп» қабырғасына аяқ басып, әкемнің жұмыс барысы бойынша жоғарыда аталған округке қарасты «Қаратоғай орта мектебіне» ауыстым. Сол мектепті 2007 жылы тәмәмдадым. Қазіргі уақытта жанұялы болып, әке атанып, 4 сәби тәрбиелеп келеміз. 2011 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан Инженер- Гуманитарлық Университетінің «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығын, 2010 жылы Батыс Қазақстан Жәңгір Хан атындағы университетінің әскери кафедрасын бітірдім. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығын тәмамдадым. Ең алғаш еңбек жолымды 2013 жылы «Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман болып жұмыс жасадым. Алғашқы жұмыс орнымда біраз тәжірибе жинадым. 2018 жылы «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ-нің Ұйымдастыру- бақылау бөлімінің басшысынан бастап аппарат басшысына көтерілдім. Аталған қызметте абыройлы еңбек етіп, біраз жетістіктерге жеттім. 2018 жылдың қазан айында «Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округіне» ауыл әкімі болып сайландым. Бұл қызмет үлкен жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қабілетті талап ететін болғандықтан, өзіме жүктелген міндетті аса жоғары деңгейде орындап келемін. Аталмыш лауазымның қыр- сырын меңгеріп, ауыл халқымен, кәсіпкерлерімен және басқа да қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап, барлық жігерімді қызметіме жұмсап, мемлекеттік қызметке мәртебесі биік, аса маңызды принциптердің бірі әділдік пен адалдық ұстанымдарын ұстанып, халқыма еңбек етіп келемін.

    Спортқа деген құштарлығым өте жоғары. Спорт саласынын үздігі. Яғни бокс спорт түрінен ІІ разъряд шебері. Алматы қаласында өткен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтің кубогінің иегері (2004-2005жж). Қазақстан-Қырғыстан-Өзбекстан елдерінде өткен бокс жарыстарының жеңімпазы атандым.

    Алдағы уақытта да тұғырлы да ғұмырлы тәуелсіздігім мен еңселі егемендігім жолында жігерім талмай, қазақ елін көркейтіп, өркендетіп, мемлекеттік қызметтің мәртебесін биік ұстап, бар біліктілігімді жұмсап, әрі қарай дамытып, еліме адал қызмет етуге дайынмын!