
Өмірбаян
1995 жылы 6 маусымда Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2017 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы жерге орналастыру, экономика, өңірлерді дамыту магистрі.
Еңбек жолын 2017 жылдың 18 шілдесінен Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының іс жүргізушісі болып бастаған.
2017 жылдың қыркүйек айынан қараша айы аралығында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас маманы,
2017 жылдың қараша айынан 2018 жыл аралығы Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, 2018-2021 жылдары Қаратөбе ауданы әкімінің көмекшісі,
2021-2022 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы,
2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің бас инспекторы,
2023 жылдың сәуірі мен желтоқсан аралығы Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің бас инспекторы,
2023 жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің басшысы,
2024 жылдың 12 ақпаннаң бастап Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

