
Өмірбаян
Ахметов Рүстем Мұратбекұлы, 1981 жылғы 29 тамызда Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Тайтөбе ауылында дүниеге келген және қазіргі уақытта Тайтөбе ауылында тұрақты тұрады.
1998 жылдан 2004 жылға дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінде білім алған.
01.11.2003 – 01.06.2006 жж. — «Гелиос» ЖШС Астана филиалы, №4 ЖҚС (жанармай құю станциясы) оператор-толтырушысы.
01.06.2006 – 07.08.2008 жж. — «Гелиос» ЖШС Астана филиалы, ЖҚС менеджері (бастығы).
07.08.2008 – 02.02.2009 жж. — «Гелиос» ЖШС Астана филиалы, мұнай базасының менеджері (бастығы).
02.02.2009 – 11.02.2011 жж. — «Гелиос» ЖШС Астана филиалы, филиалдың бас менеджері.
11.02.2011 – 01.07.2011 жж. — «Гелиос» ЖШС Астана филиалы, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы (директордың өндіріс жөніндегі орынбасары).
2012 – 2013 жж. — Жеке кәсіпкерлік қызмет.
2013 – 2014 жж. — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС маманы болып жұмыс істеді.
04.02.2014 – 12.12.2014 жж. — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, «Орталықтандырылған авто-қайта тиеу базасы» филиалы, жабдықтарды жиынтықтау инженері.
15.12.2014 – 20.01.2016 жж. — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, Өндірістік-техникалық басқарма жанындағы Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің менеджері (бөлім бастығы).
2016 – 2019 жж. — Жеке кәсіпкерлік қызмет.
2019 – 2020 жж. — «Қосшы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ штаттан тыс қызметкері.
2020 – 2022 жж. — Жеке кәсіпкерлік қызмет.
2022 – 2023 жж. — Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы «Қосшы су» ШЖҚ-дағы МКК Сату бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2023 – 2024 жж. — «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ статисі лауазымында жұмыс істеді.
2024 – 2026 жж. — «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы лауазымында жұмыс істеді.
2026 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Ақмола облысы Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының әкімі болып сайланды.