
Аким
Ниязбеков Даутбек Коргауович
Ақжар ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
1966 жылы 24 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ласты ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Қазақстан совхозының жұмысшысы болды. 1984-1986 жылдары Рига қаласында Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті.
1986 жылдың қарашасынан 1987 жылға дейін Өскемен құрылыс-жол институтының дайындық курсының тыңдаушысы болды.
1987 жылы институтқа түсті. 1992 жылы инженер-экономист біліктілігін алды.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
- 1992 жылдың шілде айынан 1996 жылғы қаңтар айына дейін Ақжар ауылындағы өндірістік жол жөндеу мекемесінде техник болып қызмет атқарды.
- 1996 жылғы қаңтар айынан 1997 жылдың қазан айына дейін біріккен Қазақстан Қытай «Жунго-Толағай» кәсіпорнында есепші болып жұмыс істеді.
- 1997 жылдың желтоқсан айынан 1999 жылдың маусым айына дейін жұмыспен қамту орталығында тіркеуде болды.
- 1999 жылдың маусым айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін Ақжар ауылдық округі аппаратында бас маман болып қызмет атқарды.
- 2005 жылдың қыркүйек айының 5-нен 2006 жылдың қарашасына дейін Ақжар ауылдық округінің әкімі.
- 2006 жылдың қараша айынан бастап 2012 жылдың сәуіріне дейін Жетіарал ауылдық округінің әкімі.
- 16.04.2012-09.08.2013 Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы.
- 09.08.2013-20.11.2013 Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы.
- 20.11.2013-11.08.2017 Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі, Шығыс Қазақстаноблысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы.
- 14.08.2017-31.10.2017 Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы.
- 31.10.2017-15.02.2021 Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы.
- 15.02.2021 Осы уақытқа дейін Ақжар ауылдық округінің әкімі, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы.