
Өмірбаян
Бимагамбетов Еспол Көксайұлы 1973 жылғы 22 шілдеде бұрынғы Торғай облысының Державинск қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1991 жылдың маусым айында Целиноград кооперативтік техникумын тәмамдағаннан кейін Далабай совхозының тұтынушылар кооперативінде тауар меңгерушісі болып бастаған.
1991 жылдың қарашасынан 1993 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінде әскери қызмет атқарған. 1993 жылғы 10 желтоқсанда Державин аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторының милиционері лауазымына қабылданды. 1994 жылғы 9 қыркүйекте Державин аудандық ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру бөлімінің (ОУР) жедел уәкілі қызметіне ауыстырылып, аталған бөлімде 2003 жылға дейін қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің ОУР бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.
2003 жылғы 16 шілдеде Жақсы аудандық ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айында Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды.
2013 жылғы 21 ақпанда Жақсы ауданына қарасты Жаңа-Кийма ауылының полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалып, бұл қызметті 2023 жылғы 14 қыркүйекке дейін атқарды. Сол күні заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ішкі істер органдарындағы қызметін аяқтады.
2025 жылғы 15 шілдеден бастап Жарқайың ауданына қарасты Львовское ауылының әкімі лауазымына тағайындалды.