
Тапжанов Төрехан Жұмабекұлы
Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын “Өндірістік және азаматтық құрылыс”, 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын “Есеп және аудит”, 2014 жыл Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін “Мұнай газ ісі” мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында В.И.Ленин атындағы политехникалық институтының пайдалы қазбалар мен кен орындарының технологияларын әзірлеу кафедрасында лобарант болып бастаған.
1989-1990 жылдары Жамбыл аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1990-1991 жылдары Жамбыл аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, 1994-1999 жылдары Жамбыл облысы Ішкі Істер басқармасы, Тараз қаласы учаскелік инспектор, 2003-2016 жылдары "Амангельды Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде әр түрлі қызметтерді атқарған,
2016-2018 жылдары Жамбыл ауданы, Айшабибі ауылдық округі әкімі аппаратының нұсқаушысы, ауыл әкімінің орынбасары.
2018-2022 жылдары Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2022 жылдың 25 тамызынан бүгінгі күнге дейін Қызылқайнар ауылдық округінің әкім.
Отбасылы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
